Accessibility links

Армения экс-президентінің бауырына қарсы іс қозғалды


Серж Саргсян (оң жақта) Армения президенті болып тұрған кезде бауыры Левон Саргсянды медальмен марапаттап жатыр. 22 наурыз 2016 жыл.
Серж Саргсян (оң жақта) Армения президенті болып тұрған кезде бауыры Левон Саргсянды медальмен марапаттап жатыр. 22 наурыз 2016 жыл.

Армения үкіметі жанындағы Мемлекеттік кіріс комитеті елдің бұрынғы президенті Серж Саргсянның бауыры Левон Саргсянның үстінен жаңа қылмыстық іс қозғады. Ол "декларацияда көрсетілуі тиіс қаржыны жасырған" және "заңсыз байыған" деген күдікке іліккен деп хабарлайды Азаттықтың Армян қызметі (Азатутюн).

Тергеушілердің сөзінше, Левон Саргсян мен қызы Ани Саргсян аса ірі көлемдегі мүлікті декларацияда көрсетпеген және заңды кірістерінің көлемінен мүліктің неліктен елеулі түрде артып кеткенін түсіндірмеген.

Арменияның қоғамдық қызмет туралы заңына сәйкес, экс-президенттің туыстары 2017 жылғы есепті мерзімдегі табыстарының декларациясын жоғары лауазымды тұлғалар этикасы жөніндегі комиссияға тапсыруға тиіс болған.

Армения экс-президентінің бауыры Левон Саргсян.
Армения экс-президентінің бауыры Левон Саргсян.

Armenpress жаңалықтар сайтының хабарлауынша, қылмыстық іс Левон Саргсянның ұлы Нарек Саргсянның үйіне тінту жүргізілгеннен кейін қозғалған. Тінту барысында 6,8 миллион доллардың банк депозиттері туралы келісімдер табылып, тәркіленген.

Арменияда бірнеше аптадан бері жемқорлыққа қарсы көлемді кампания жалғасып жатыр. Оның барысында экс-президент Саргсянның серіктері мен туыстарына қарсы істер қозғалған. Қатарынан екі мерзім Армения президенті болған Серж Саргсян Конституцияға өзгертулер енгізіп, премьер-министр қызметінде билікте қалғысы келген, бірақ жаппай наразылық акцияларынан кейін сәуірдің соңында отставкаға кеткен.

Оқи отырыңыз: "Билік арсыз болса, халық көтеріледі"

Бұған дейін экс-президенттің тағы бір туысы Александр Саргсянды "заңсыз қару алып жүр" деген күдікпен ұстап, полицияға апарған, онымен байланысы бар компанияларда тінту жүргізілген. Кейін Александр Саргсянның қаруға рұқсаты бары анықталған соң оны босатқан.

Экс-президенттің серіктерінің бірі, парламент мүшесі болған генерал Манвел Григорянды депутаттық имунитетінен айырып, үстінен "заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу және сақтау", "сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін аса ірі көлемде иеленіп алу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Григорянды үш айға тұтқындаған.

Экс-президенттің серіктерінің бірі, парламент мүшесі әрі отставкадағы генерал Манвел Григорянды депутаттық имунитетінен айырып, үстінен "заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрі сатып алу және сақтау", "сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін аса ірі көлемде иеленіп алу" баптары бойынша қылмыстық іс қозғаған. Маусымның 19-ы күні сот күдіктіні үш айға тұтқындауға санкция берген.

Генерал Манвел Григорян.
Генерал Манвел Григорян.

Манвел Григорян өзіне тағылған жемқорлық айыбын мойындамайды. "Ондаған мың адамға қолбасшы болған маған ар-намысым қымбат. Кінәсіз екенімді дәлелдеймін", - деп мәлімдеген ол.

Билік орындары генералдың әйелі Назик Амирянды да ұстаған. Манвел Григорян ұсталғаннан кейін оның ұлы Карен Григорян Эчмиадзин қаласының мэрі қызметінен отставкаға кеткен. Құқық органдары экс-мэрге "аса ірі көлемде жымқыру" айыбын тағып отыр.

Армениядағы жемқорлыққа қарсы науқан. "Настоящее время" видеосы (орысша):

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бұрынғы орынбасары, Армения экс-президенті күзетінің бұрынғы басшысы Вачаган Казарян да маусымның 28-і күні сот шешімімен екі айға тұтқындалған. Оған да "заңсыз байыған" және "декларацияда жалған деректер көрсетіп, мүлікті жасырған" деген айыптар тағылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG