Accessibility links

Саратовта зейнетақы реформасына қарсы митинг өтті


Саратовтағы зейнетақы реформасына қарсы митинг. Ресей, 1 шілде 2018 жыл.
Саратовтағы зейнетақы реформасына қарсы митинг. Ресей, 1 шілде 2018 жыл.

Ресейдің Саратов қаласында 1 шілдеде оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастарының зейнетақы реформасына қарсы билік рұқсат берген митингісі өтті. Әрқилы есеп бойынша, митингіге бірнеше жүз адам қатысты.

Митингіге қатысқандар негізінен үкіметтің зейнетке шығу жасын ұлғайту жоспарына келіспеушілік танытты. Олар митингіге плакаттар мен үкіметке қарсы ұрандар көтеріп шықты.

Митингіні "Россия будущего" партиясының аймақтық бөлімінің үйлестірушісі Михаил Мурыгин жүргізіп отырды. Қарсылық білдіруші тұрғындар оның бастамасымен "Мұнда біз билік жүргіземіз", "Путин отставкаға кетсін" және "Путинді түрмеге жіберу керек" деп айқайлады.

Митингіде әлдебір адамдардың жиналғандарды арандатқысы келген әрекеті де байқалды. Жас жігіттер митингіге қатысушыларға "Алексей Навальныйдың атынан деп зейнетақы реформасын қолдайтын үнпарақтар таратып жүрді. Ұйымдастырушылар үнпарақ таратушыларды алаңнан шығарып жіберуге тырысқан, бірақ оларға оларға полиция көмектеспеді.

Қарсылық акциясынан соң полиция бірнеше адамды ұстап, құжаттарын тексерген соң босатып қоя берді.

Бұған дейін Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев 2028 жылға дейін Ресейде ер адамдардың зейнетке шығу мерзімін 60 жастан 65 жасқа дейін, ал әйелдер үшін – 2034 жылға қарай 55 жастан 63 жасқа дейін біртіндеп көтеруді ұсынған. Медведев зейнетке шығу жасын ұлғайтуға 2019 жылдан бастап кірісу жоспарланып отырғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Доп додасы қызғанда Ресей оппозициясы наразылық танытпақ

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG