Accessibility links

Шымкентте "11 жастағы баланы зорлады" деген күдікті ұсталды


Көрнеуі сурет.

Шымкентте 18-ықшам аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде "11 жастағы баланы зорлады" деген күдікті ұсталды. Бұл туралы шілденің 2-сі күні қала әкімінің баспасөз xатшысы Әйгерім Жұмағұлова xабарлады.

"11 жастағы баланың зорланғаны туралы" видео шілденің 1-і күні кешке тараған. Оқиға шамамен түс мезгілінде болғаны айтылады.

Әйгерім Жұмағұлованың мәліметінше, күдікті ретінде Еңбекші ауданының 1985 жылы туған тұрғыны ұсталы. Ресми мәліме бойынша, "күдікті айыбын мойындаған".

"Баланы дәрігерлер тексерді. Қазір ата-анасының қарауында", - дейді Әйгерім Жұмағұлова.


  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG