Accessibility links

Ресей әскерилері: Сирияда бірнеше дронды атып түсірдік


Сирияның Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік әскери ұшақтар мен техника (Көрнекі сурет)
Сирияның Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік әскери ұшақтар мен техника (Көрнекі сурет)

Ресей әскерилері Сирияның батысындағы Хмеймим әуе базасы маңынан бірнеше дрон аппараттарын атып түсіргенін мәлімдеді. Ресей ақпарат құралдарының әуе базасы өкілдеріне сілтеме жасап хабарлауынша, барлық дронды 30 маусым күні кешке зенит зымыран кешені атып түсірген. Оқиғадан базаға зақым келмеген, қызметкерлер зардап шекпеген.

Ресей Хмеймим әуе базасын Сириядағы әскери операциясын басқаратын орталық ретінде пайдаланады. Ресей әскерилері бұған дейін қаңтарда және мамырда осындай бірнеше аппаратты атып түсіргенін, жеті дрон жерге қондырылғанын мәлімдеген.

Ресей 2015 жылы қыркүйекте Сирияда әуеден шабуылдау операциясын бастап, елдегі жеті жылға созылған азаматтық соғысы президент Башар Асадтың пайдасына шешіле бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG