Accessibility links

Ауғанстанда сикхтер мен үнділер қауымы өкілдеріне шабуыл жасалды


Автар Сикх Халса, Ауғанстанның Нангархар уәлаятында жанкешті шабуылынан қаза болған сикхтер қауымының жетекшісі.
Автар Сикх Халса, Ауғанстанның Нангархар уәлаятында жанкешті шабуылынан қаза болған сикхтер қауымының жетекшісі.

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятында президент Ашраф Ғанимен кездесуге бара жатқан сикхтер мен үнділер қауымына жанкешті содыр шабуыл жасап, кем дегенде 19 адам қаза тапты.

Нангархар денсаулық сақтау қызметінің өкілдері 1 шілдеде болған шабуылдан қаза тапқан 19 адамның 17-сі, жараланған 20 адамның 10-ы сикхтер мен үнділер қауымының өкілдері екенін айтады. Нангархар уәлаяты ауруханасының өкілі Инамулла Миахаилдің хабарлауынша, жаралылар уәлаяттың әкімшілік орталығы Жалалабад қаласының ауруханасында емделіп жатыр. Шенеуніктер ауруханаға түскендердің кейбірінің халі ауыр екенін айтады.

Инамулла Миахаил шабуылдан сикхтер қауымының жетекшісі, ауғандық саясаткер Автар Сингх Халсаның қаза тапқанын растады. Халса қазан айында өтетін Ауғанстан парламенті сайлауына түспек болған.

Нангархар уәлаяты әкімшілігінің өкілі Аттаула Хокьянидің айтуынша, сикхтер мен үнділер қауымының өкілдері 1 шілдеде Жалалабадқа барған президент Ашраф Ғанимен кездесуге шақырылған. Уәлаят полициясының басшысы Санаи Станекзай жанкешті әкімшілік ғимаратына бара жатқан сикхтердің көлік колоннасына шабуылдаған.

Шабуылды осы аймақта белсенді әрекет ететін "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алды.

Кабулдағы Үндістан елшілігі сикхтер мен үнділер қауымына жасалған қанды шабуылды айыптады.

"Шабуыл халықаралық терроризммен оны кім қолдайтынына қарамастан әлем бойынша күресу қажетін көрсетті" деп жазды Үндістан елшілігі Twitter-де.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG