Accessibility links

Ресейде провайдерлер енді қолданушылар мәліметтерін жинайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейде ұялы байланыс операторлары мен онлайн-сервистерін қолданушылардың телефондағы әңгімелері мен жазысқан хаттарын алты ай бойы сақтауға міндеттейтін "Яровая заңы" 1 маусымнан бастап күшіне енді. Бұған қоса компанияларды абонентке егер оның абоненттік келісімдегі жеке бас мәліметтері іс жүзіндегі мәліметтерімен сай келмесе қызмет көрсетуді тоқтатуға міндеттейтін талап та күшіне енді. Заң бойынша, операторлар 15 күн ішінде құқық қорғау органдарының қолданушылар мәліметтерін растау туралы сауалына жауап беруі тиіс.

Антитеррорлық заңға енгізілген "Яровая заңы" деп аталатын түзетулер пакетіне Ресей президенті Владимир Путин екі жыл бұрын қол қойған. Ол қолданушылар мәліметтерін жинау және сақтау талабын күшейтіп, ұялы байланыс операторлары мен онлайн-сервистерге жаңа міндеттер жүктейді. 1 қазаннан бастап интернет-провайдерлері абоненттердің барлық трафигін 30 күн сақтауға міндетті болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG