Accessibility links

Мәскеу полициясы "Другая Россия" партиясының штабын тінтті


Эдуард Лимонов, тіркелмеген "Другая Россия" партиясының төрағасы.
Эдуард Лимонов, тіркелмеген "Другая Россия" партиясының төрағасы.

Мәскеу полициясы тіркелмеген "Другая Россия" партиясының штабында тінту жүргізді. "Полиция алты белсендіні ұстады, олардың екеуі - кәмелетке толмағандар", - деп хабарлады ОВД-Инфо сайты.

"Открытая Россия" қозғалысы құқық қорғау бөлімінің хабарлауынша, полицейлер штаб кеңсесіне есікті бұзып кірген. Тінту кезінде кеңсені полиция қызметкерлері қызметтік иттермен күзетіп тұрды.

Құқық қорғау органдары тінтудің не үшін жүргізілгенін және белсенділердің қайда екенін айтпайды.

Тіркелмеген "Другая Россия" саяси партиясын 2010 жылы Мәскеуде Ресейде тыйым салынған Ұлтшыл-большевистік партияның бұрынғы мүшелері құрған. Партияны жазушы әрі саясаткер Эдуард Лимонов басқарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG