Accessibility links

Алматы облысында кәрізге түскен үш адам уланып қайтыс болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Шелек ауылында аудандық орталық аурухананың кәріз жүйесін тазалау кезінде оқыс оқиға болып, үш адам қайтыс болды.

Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Азамат Жұртбаевтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, қайғылы оқиға шілденің 2-сі күні түс кезінде болған. Аурухана аумағында сантехниктер - 1967 және 1969 жылы туған екі ер адам кәріз жүйесін тазалау кезінде улы газға тұншыққан.

Департамент мәліметінше, кәрізге алдымен бір сантехник түсіп, уланып қалған. Оны құтқаруға екінші сантик те кәрізге түсіп, артынша ол да уланған. Бұдан соң оларға көмекке жеткен аурухананың екі қызметкері де кәрізге түсіп, олар да уланып, сыртқа өз бетімен шыға алмаған. Бірнеше минуттан соң оқиға орнына жеткен төтенше жағдай қызметкерлері кәрізге түсіп кеткен адамдарды сыртқа шығарған. Бір сантехник оқиға орнында, тағы бір сантехник пен аурухана қызметкері жансақтау бөлімінде көз жұмған. Бір қызметкер ауруханада жатыр.

Қазір қайғылы оқиға себептері тексеріліп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG