Accessibility links

БАҚ: Скрипальді улау ісінде күдіктілер пайда болды


Солсбериде Сергей Скрипаль тұрған үйдің маңында жүрген полиция мен мамандар. Ұлыбритания, 3 сәуір 2018 жыл.
Солсбериде Сергей Скрипаль тұрған үйдің маңында жүрген полиция мен мамандар. Ұлыбритания, 3 сәуір 2018 жыл.

Ұлыбритания полициясы Ресей Сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальді улауға екі адамның қатысы бар деген тұжырым жасады. The Sun газетінің Лондон полициясындағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, күдіктілер шабуыл жасағаннан бірер күннен соң Ұлыбританиядан кетіп қалған. Қазір олар Ресейде болуы мүмкін.

Басылым дереккөздері күдіктілердің атын атамағанымен, олардың "Ресеймен байланысы барын" және олардың үстінен іс қозғалғанын айтады.

Сәуір айында британдық БАҚ полицияға сілтеме жасап, Скрипальді Ресей қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) бұрынғы офицері, Гордон деген бүркеншік аты бар 54 жастағы адам улағанын хабарлаған. Оның Михаил Савицкис деген жалған аты да бар. Полиция оның ендігі Ресейге кетіп қалғанын айтады. Британ билігі сонымен қатар Скрипальді улауға алты адамнан тұратын топ қатысқан деп долбарлайды.

Ресей барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль наурызда Ұлыбританияның Солсбери қаласында уланған. Лондон улауға СССР-де жасалған "Новисок" бомбасы қолданылғандықтан қастандыққа Кремльдің қатысы бар деп мәлімдеген. Бірақ Мәскеу мұны жоққа шығарады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG