Accessibility links

АҚШ сенаторлары Мәскеуде Лавровпен кездеседі


Америкалық конгрессмендер Санкт-Петербург мэрі Георгий Полтавченкомен кездесуде. Санкт-Петербург, 2 шілде 2018 жыл.
Америкалық конгрессмендер Санкт-Петербург мэрі Георгий Полтавченкомен кездесуде. Санкт-Петербург, 2 шілде 2018 жыл.

Америкалық республикашыл конгрессмендер 3 шілде күні Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен, Мемлекеттік дума спикері Вячеслав Володинмен және Федерация кеңесінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Константин Косачевпен кездеседі. Конгрессмендер Мәскеуге 2 шілде күні кешке барған. Мұнда олар АҚШ-Ресей қарым-қатынасын қалпына келтіруді және төрт жыл санкциядан соң Ресей экономикасы қандай күйде екенін көріп қайтуды мақсат тұтқанын айтады.

Мәскеуге келмес бұрын конгрессмендер Санкт-Петербургте қала мэрі Георгий Полтавченкомен кездескен. Келіссөз кезінде олар екіжақты қарым-қатынас жақсаратынынан үмітті екенін білдірген. Полтавченко конгрессмендерге барлық салада ынтымақтастыққа дайын екенін айтқан. Конгрессмендер сапарын АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Джон Хантстман дайындаған. Ресейге барған саясаткерлер АҚШ президенті Дональд Трамп саясатын қолдайтындар қатарында. Трамп 16 шілдеде Хельсинкиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесіп, соңғы бірнеше жылда нашарлап кеткен екіжақты қарым-қатынасты жақсарту жайын талқылайды.

"Келіссөз өткізуді дұрыс көреміз" деген сенатор Ричард Шелби Ресейге бармас бұрын CNN-ге.

Сенатор Джон Кеннеди CNN-ге конгрессмендер Путинмен кездеседі деп үміттеніп отырғанын айтқан.

Бір жыл бұрын АҚШ конгресі 2014 жылы Мәскеудің Украинадағы саясатына байланысты Ресейге қарсы салған санкциясын күшейткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG