Accessibility links

Астанада үлескерлер аштық акциясын бастады


"Комсомол" тұрғын үй кешені жанында шатыр тігіп, наразылық танытып жатқан үлескерлер. Астана, 3 шілде 2018 жыл.

Астанада 3 шілде күні "Комсомольская" тұрғын үй кешенінің жанында бір топ үлескер ақшасын төлеген үйлерінің әлі салынып бітпегеніне наразылық танытып, аштық жариялады.

Гүлмира Смағұлова есімді үлескердің айтуынша, үй құрылысы 2015 жылы басталып, 2017 жылдың желтоқсанында аяқталуы тиіс болған. Кешенді "Азбука жилья" құрылыс компаниясы салып бастаған. Бірақ кейін компанияcының активтері "Орда Инжиниринг" компаниясының басқаруына берілген. Смағұлова "Орда Инжиниринг" өзінің қарыздарын өтеу үшін "Азбука жильядан" активтерін сатып жатқанын" айтады.

Қазірге дейін көпқабатты үйлердің қабырғасы ғана тұрғызылып, кейбірінің шатыры жабылған, ішінара терезелері салынған.

Гүлмира Смағұлова кеше Астанада "Нұр Отан" партиясының қалалық филиалында болғанын, ол жерде бүгін аштық жариялайтындарын ескерткенін айтты.

Сәуле Тәкежанова есімді үлескер 2012 жылы кешеннен шаршы метріне сол кездегі бағам бойынша 1050 доллармен үш бөлмелі үй алуға ақшасын толық төлегенін айтады.

Үлескерлер "Орда Инжиниринг" компаниясы үйді салып беру мерзімін созбақтап келе жатқанын айтып, пәтерлері толық салынып бітпейінше аштық акциясын тоқатпайтынын мәлімдеді.

Оқиға орнына компаниядан, я қалалық әкімдіктен ешкім келмеді.

  • 16x9 Image

    Өркен ЖОЯМЕРГЕН

    Өркен Жоямерген 2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің бакалаврын, 2008 жылы магистратурасын тәмамдаған. Қызмет жолын "Алматы Ақшамы" газетінен бастаған. Алматы және Астана қалаларындағы бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеген. Қазір Азаттық Радиосы Астана бюросының жетекшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG