Accessibility links

Қырғызстанда Жоғарғы сот судьяларының үстінен іс қозғалды


Бішкектегі сот ғимараты (Көрнекі сурет).
Бішкектегі сот ғимараты (Көрнекі сурет).

Қырғызстан Бас прокуратурасы Жоғарғы соттың үш судьясына қатысты қылмыстық іс қозғады. Жоғарғы сот аппараты мен Бішкектегі тергеу абақтысының лауазымды қызметкерлерінің үстінен де қылмыстық іс қозғалған.

Бас прокуратура өкілі Жаркынай Азиеваның хабарлауынша, "олар азаматтардың еркіндігі туралы конституциялық құқықтарын бұзған" деген күдікке ілінген.

Тергеушілер долбарына қарағанда, тергеу абақтысының қызметкерлері О.Т. есімді азаматты заңсыз 12 күн қамауда ұстаған. Кейін бұл азаматтың зағип Темірлан Ормуканов екені белгілі болды. Ормуканов бұл мәліметті Азаттықтың Қырғыз редакциясына растады.

"Маған Бас прокуратурадан хабарласып, арыз жазуымды сұрады. Мен бас тарттым" деді ол.

Бас прокуратура істі болған судьялардың есімдерін жарияламай отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG