Accessibility links

Орал әкімі экс-орынбасарының ұлы қаржы жымқыру айыбымен сотталды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Орал қалалық соты әр жылдары қала әкімінің орынбасары болған Владимир Дремасовтың ұлы Игорь Дремасовты Орал мен Қостанай қалаларындағы Kaspi Bank терминалдарынан сегіз миллион теңгеден астам қаржы ұрлады деп айыптап, бес жыл шартты мерзімге соттады.

Сот үкімі бойынша, Игорь Дремасов серіктері - жергілікті тұрғындар Антон Емельянов және Дмитрий Зайкинмен бірге 2017 жылы желтоқсанда қаладағы азық-түлік дүкендерінің біріндегі банк терминалын ашып, бес миллион теңгеден астам қаржыны ұрлаған. Ал биыл ақпанда Қостанайдағы терминалдардың бірін бұзып, үш миллион теңгеден астам қаржы ұрлаған.

Үшеуі де "аса ірі көлемде жымқыру" бабы бойынша айыпты деп танылып, бірдей мерзімге шартты жаза кесілді. Бұған дейін сотталушылар прокуратурамен кінәсін мойындау туралы келісім жасасып, банкке келтірген шығынын толық өтеген.


Сот үкімі бойынша, сотталушылар пробациялық бақылауда болады. Оларға полицияға ескертпестен тұрғылықты жерін ауыстыруға және ойын-сауық орындарына баруға тыйым салынған.

Бұған дейін сотталушылар мен олардың адвокаттары Азаттыққа комментарий беруден бас тартқан.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG