Accessibility links

БАҚ: Сирияда ИМ жетекшісі әл-Бағдадидің ұлы оққа ұшты


Абу Бакр әл-Бағдади, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының жетекшісі.
Абу Бакр әл-Бағдади, "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының жетекшісі.

"Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымының жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдадидің ұлы Худайфа әл-Бағдади Сирияның Хомс қаласында көзі жойылды деп хабарлады жиһадшылармен байланысы бар ақпарат арнасына сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Исламшыл содырлар хабарламасында Худайфа әл-Бағдадидің Хомстағы жылу электр станциясы жанында Сирия және Ресей әскерилеріне қарсы операция кезінде оққа ұшқаны айтылады. Бұл хабар әзірге басқа ақпарат көздерінен расталмады.

Абу Бакр әл-Бағдадидің өзі қайда екені белгісіз. Бірақ Reuters жиһадшылар таратқан мәлімдемеде айтылғандарға қарап, оның әлі тірі болуы мүмкін екенін айтады. Бұған дейін Ресей әскерилері мен Syrian Observatory for Human Rights ұйымы ИМ жетекшісінің қаза болғаны жайлы бірнеше рет хабарлағанымен, кейін ол ақпарат теріске шығарылған.

АҚШ билігі Абу Бакр әл-Бағдадиге халықаралық іздеу жариялап, оның қайда екені туралы ақпаратқа 10 миллион доллар сыйақы тағайындаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG