Accessibility links

Қазақстанның әскери прокуроры ауысты


Дастан Сартаев
Дастан Сартаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Дастан Сартаев елдің бас әскери прокуроры болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

58 жастағы Дастан Сартаев Ақтөбе, Атырау, Павлодар облысы прокуратурасын басқарған. Осы күнге дейін Маңғыстау облысы прокуратуры болған.

Бұрынғы бас әскери прокурор Ерғали Мерзадинов Назарбаевтың шешімімен Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының ректоры болып тағайындалды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG