Accessibility links

Германия Ауғанстанның 69 азаматын депортациялады


Германиядан депортацияланған Ауғанстан азаматтары Кабулге жетті. Қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет).
Германиядан депортацияланған Ауғанстан азаматтары Кабулге жетті. Қыркүйек 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Германия босқын мәртебесін беруден бас тартылған Ауғанстанның 69 азаматын еліне қайтарды. Ауғандықтар мінген ұшақ Мюнхеннен Кабулға 4 шілдеде барды. Германия 2016 жылдан бері бірінші рет осынша көп ауғандықты депортациялап отыр.

Германия билігі босқын мәртебесін беруден бас тартылған шетелдіктерді жеделдетіп шығаруды қолға алатынын мәлімдеді. 69 мигранттың 51-і тұрған Баварияның миграция министрі таяуда федералдық үкімет депортацияға шектеу қоймау туралы пәрмен бергенін хабарлады.


Соңғы жылдары Германиядан негізінен қылмыс жасаған адамдар шығарылып келген. Топтап депортациялау 2017 жылы наурызда Кабулда Германия елшілігі алдында мина жасырылған көлік жарылған соң тоқтап қалған еді. Ол кезде шабуылдан 90 адам жараланып, 400-ге тарта адам жараланған. Сол жылы қыркүйекте терроризм күдігіне ілінгендер, қылмыскерлер мен Германия билігіне қажетті құжаттар алуға қолұшын бермегенді депортациялау қайта жалғасқан.

Қазір Ауғанстанда қауіпсіздік нашарлаған. Елде "Талибан" мен "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары жиі шабуыл жасай бастаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG