Accessibility links

Ресей Сирияның оңтүстік-батысына әуе шабуылын қайта бастады


Сирияның солтүстік-батысындағы Дераа қаласының маңы (Көрнекі сурет).
Сирияның солтүстік-батысындағы Дераа қаласының маңы (Көрнекі сурет).

Ресей әскерилері Сирияның оңтүстік-батысына әуе шабуылын қайта бастады. Бұған дейін Сирия президенті Башар Асадтың бұл аймаққа бақылау орнатуы жөніндегі оппозициямен келіссөз сәтсіз аяқталған.

Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) ұйымының мәлімдеуінше, әуе соққылары Тафас қаласына, солтүстік-батыстағы Дераа және шығыстағы Сайда қалаларына жасалды.

Сирия президенті Башар Асад Ресей авиациясының көмегімен елдің оңтүстік-батысына соққы беріп келеді. Сирия билігі бұл аймақты оппозициялық топтардан тартып алғысы келеді.

Оппозиция өткен сенбіден бері Ресеймен соғысты тоқтату жөнінде келіссөз жүргізіп келген. Бірақ ортақ шешімге келе алмаған.

Оппозициялық негізгі фракция - "Сирия ерікті армиясының" өкілі Reuters агенттігіне келіссөзде Ресей жағы өздерінен ауыр қару-жарағын тапсыруды талап етіп тұрып алғандықтан келісімге келмегендерін айтты. Оппозицияның тағы бір өкілі Ресей қару-жарақты бірден толық өткізуді талап еткенін айтады. Сирия оппозициясы ондаған мың босқын үйіне оралғаннан кейін, қаруды кезең-кезеңімен өткізгісі келеді.

Өткен сенбіде оппозиция өкілдері келіссөздің алғашқы кезеңінен соң "Ресейдің ұсынысы қорлықпен тізе бүгуге мәжбүрлейді" деп келіссөзден бас тартқан еді. Бірақ кейін Иордания оларды келіссөзге қатысуға көндірген.

Кеше Иордания сыртқы істер министрі Айман Сафади Мәскеуде Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен. Ол егер әуе шабуылы тоқтамаса, Сирияның оңтүстігінде гуманитарлық апат болатынын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG