Accessibility links

Өзбекстан соты ұсталған АҚШ азаматына айыппұл салды


Зокир Әлиев, АҚШ азаматы.
Зокир Әлиев, АҚШ азаматы.

Өзбекстанның Қашқадария облысының соты осы елде туған АҚШ азаматы Зокир Әлиевті жиырма жылдай бұрын экстремистік топпен байланысы болды және Өзбекстан үкіметін құлатуға шақырды деп айыптап, 67 доллар айыппұл салды.

46 жастағы Зокир Әлиев 16 мусымда Өзбекстанның оңтүстігіндегі өзі туып-өскен Қашқадария облысының Қаршы қаласына барған соң бір сағаттан кейін ұсталған.

18 маусымда Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Әлиевтің терроризмге қатысты күдікпен ұсталғанын хабарлаған. Тергеу Әлиев 2000 жылы "Өзбекстан ислам қозғалысы" ұйымына қосылып, Ауғанстанда ауған қауіпсіздік күштеріне және НАТО бастаған коалиция әскеріне қарсы соғысты деп күдіктенген. 22 маусымда ол Зокир Әлиев тергеу кезінде Өзбекстаннан кетпеу туралы қолхатпен босатылған.

Зокир Әлиевтің туыстарын көрмегеніне көп жыл болған. Ол президент Шавкат Мирзияев былтыр 1991 жылдан кейін елден кеткен өзбектерді елге қайта оралуға шақырған соң туыстарына барып қайтпақ болған.

Өзбекстаннан 25 жыл бұрын кетіп қалған Әлиев АҚШ-та жекеменшік салық компаниясында жұмыс істейді.

Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі 4 шілдеде сот Әлиевтің үкіметті құлатуға жария түрде шақырды және экстремистік топқа қосылды деп айыптағанын хабарлады. Сот оған қылмыс жасаған кез - 1999 жылы болған ең төменгі жалақы мөлшеріне сай аз айыппұл салынғанын түсіндірді.

Өзбекстан Қылмыстық кодексіне сай, мұндай бап бойынша айыпталғандарға айыппұл салынады немесе оған қоса бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG