Accessibility links

АҚШ пен Пәкістан Ауғанстанда бітім орнату мүмкіндігін талқылады


АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Элис Уэллс (сол жақта) пен Пәкістан армиясының қолбасшысы генерал Камар Джавед Баджа. Исламабад, 3 шілде 2018 жыл.
АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Элис Уэллс (сол жақта) пен Пәкістан армиясының қолбасшысы генерал Камар Джавед Баджа. Исламабад, 3 шілде 2018 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Элис Уэллс Пәкістан армиясының қолбасшысы генерал Камар Джавед Баджамен кездесіп, Ауғанстанда бейбітшілік орнату жайын талқылады. Ресми дереккөздерінің хабарлауынша, кездесу 3 шілде күні болған. Ауғанстан үкіметі соңғы кезде елдегі жағдайды бейбіт реттеуге күш сала бастаған және бірнеше апта бұрын америкалық дрон Ауғанстанда пәкістандық тәліптердің жетекшісі Мулла Фазлулланың көзін жойған.

Пәкістан Ауғанстандағы 17 жылға созылған соғыста алғаш бітім орнатуда ерекше рөл атқарды. Мұсылмандардың Ораза айт мейрамына орай жасалған бітім кезінде елде шабуыл тоқтап, Кабул мен содырлар мерекені жеке, бірақ бейбіт түрде атап өтті.

Бірақ мерекеден соң шабуыл қайта жалғасты. Баджа таяуда Кабулға барып, Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездескен. Келіссөзде ол Ғаниді Исламабадтың Кабул мен "Талибан" арасындағы бітім орнату процесін қолдайтынына сендірген.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, соңғы апталарда Пәкістан мен Ауғанстанның жоғары шенді өкілдерінің жиі кездесуі екі ел арасындағы қарым-қатынастың біршама жақсарғанын айғақтайды. Ауғанстан мен Пәкістан терроризммен күресте АҚШ-тың негізгі одақтасы саналады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG