Accessibility links

АҚШ-та тәуелсіздіктің 242 жылдығы атап өтілді


Вашингтонда АҚШ тәуелсіздігі күні құрметіне атылған салют. АҚШ, 4 шілде 2018 жыл.
Вашингтонда АҚШ тәуелсіздігі күні құрметіне атылған салют. АҚШ, 4 шілде 2018 жыл.

АҚШ-та 4 шілдеде ел тәуелсіздігінің 242-жылдығы атап өтілді. Reuters агенттігі тілшісінің Нью-Йорктен хабарлауынша, тәуелсіздік күнінде концерттер мен шерцлер ұйымдастырылды. Нью-Йоркте АҚШ-тың басқа да қалалары сияқты кеш батқан соң ұлттық мереке құрметіне фейерверк атылды.

Ақ үйде президент Дональд Трамп әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларымен серуен құрды.

Вашингтонда мерекеде Капитолий жанындағы шалғында Ұлттық симфониялық оркестрдің концерті өтті, танымал джаз әншілері мен The Temptations, The Beach Boys және Luke Combs ансамбльдерінің концерті болды.

1776 жылы 4 шілдеде Филадельфияда Конгресс делегаттары Тәуелсіздік декларациясын қабылдаған. Құжатта елдің Ұлыбританиядан тәуелсіздік алғаны жарияланып, "барлық адамдар тең жаратылған" және "өмір сүруге, еркіндік пен бақытқа ұмтылуға теңдей, қол сұғылмайтын хақы бар" деген ұстанымдар көтерілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG