Түркістан облысының Сарыағаш ауданында орналасқан "Арман" шипажайынан өрт шығып, 124 адам қауіпсіз жерге көшірілді деп хабарлады Азаттыққа шілденің 5-і күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз xатшысы Зарипа Абдуллақызы.
Оның айтуынша, "Арман" шипажайында өрт шілденің 4-і күні кешкі сағат 19 шамасында шаққан. Өрт бір сағат ішінде толық сөндірілген. "Шипажайдың екінші қабатындағы бір бөлмесінен шыққан өрт төртінші қабатқа дейін жеткен. Өрт шалған жердің көлемі - 380 шаршы метр. Өрт кезінде 124 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр" дейді ол.
ПІКІРЛЕР