Accessibility links

Шымкентте "балаға шабуылдау" видеосын таратқан адамды іздеп жатыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Түркістан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері шілденің 1-і күні "кәмелетке толмаған балаға шабуылдау" видеосын әлеуметтік желі арқылы таратқан адамға іздеу жариялады. Бұл туралы Азаттыққа шілденің 5-і күні облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің өкілі Іңкәр Асанова айтты.

"Видеоны таратқан адамды криминалды полиция қызметкерлері іздеп жатыр. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр" дейді Іңкәр Асанова.


Шілденің 4-і күні Шымкентте "11 жастағы баланы зорлады" деген күдікке ілінген 1985 жылы туған ер адам екі айға қамауға алынған. Кәмелетке толмаған балаға зорлық жасады деген күдіктінің үстінен Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігімен ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") іс қозғалғаны xабарланған.

Шілденің 2-сі күні облыстық ішкі істер департаменті әлеуметтік желіде таралған "кәмелетке толмаған балаға шабуылдау" видеосы бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG