Accessibility links

Лондон полициясы: Солсбери түбіндегі екі адам "Новичоктан" уланған


Эймсберидегі уланған екі адам табылған үйдің жанында тұрған полицейлер. Ұлыбритания, 4 шілде 2018 жыл.
Эймсберидегі уланған екі адам табылған үйдің жанында тұрған полицейлер. Ұлыбритания, 4 шілде 2018 жыл.

Лондон полициясының терроризмге қарсы бөлімінің басшысы Марк Роули Солсбериге жақын Эймсбери қаласында ес-түссіз күйде табылған Ұлыбританияның екі азаматы да Ресейдің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль сияқты "Новичок" уымен уланғанын мәлімдеді.

Ұлыбританияда адамның жүйке жүйесін зақымдайтын "Новичокпен" улану оқиғасына қатысты 5 шілдеде төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің отырысы өтеді. Жиынға Ұлыбритания ішкі істер министрі Саджид Джавид төрағалық жасайды.

Бұған дейін британдық БАҚ Эймсбериде үйде ес-түссіз күйінде табылған 44 жастағы Дон Стерджесс пен 45 жастағы Чарли Роулидің Солсбери ауруханасына жеткізілгенін хабарлаған.


Сергей Скрипаль мен қызының улануы Ресей мен Ұлы британия арасында соңғы он жылда болмаған дипоматиялық жанжалға ұласқан. Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Ресейдің ел аумағында химиялық қару қолданғанына жауап ретінде ресейлік 23 дипломатты елден шығарған. Ол сонымен қатар тыңшылыққа қатысты заңнаманың күшейтілетінін де жариялаған. Мәскеу Скрипальдерді улауға қатысы барын жоққа шығарады.

Ұлыбритания сонымен қатар Ресейдің өз аумағында Ресейдің химиялық қару қолданғанын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мен Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымының алдына мәселе етіп шығарған. Ұлыбритания Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға жолдаған хатында Ресейдің 20 жыл бұрын өзіне алған міндеттеме бойынша химиялық қару қорын әлі жоймағанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG