Accessibility links

Минниханов Қазақстандағы татарларға: Ана тілін қазақ тілі арқылы үйреніңіздер


Рустам Минниханов, Татарстан президенті.

Татарстан президенті Рустам Минниханов Астананың 20 жылдығын атап өтуге келді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Минниханов Қазақстандағы татарлар мен башқұрттар конгресінің активімен өткен жиында Қазақстанда тұратын татарларға татар тілін қазақ тілі арқылы үйренуге шақырды.

"Қазақ тілін білетін адам татар тілін де біледі деген сөз. Мен татар тілін білемін және қазақ әріптестеріммен аудармашысыз сөйлесемін. Қазақ тілін жақсылап үйреніңіздер, Қазақстанда оған қиындық жоқ. Сол арқылы татар тілін меңгеріп аласыздар" деді ол татар диаспорасының өкілдеріне.

Оқи отырыңыз: Ресейдегі ұлттар мен Мемлекеттік дума арасындағы тіл тартысы

Ресейде өткен жылы байырғы ұлттар тұратын "этникалық" аймақтарда мектептерде ана тілінде оқыту мәселесі көтеріле бастаған. Ресейдің ұлттық республикаларында тіл мәселесіне қатысты дау Ресей президенті Владимир Путин 2017 жылы жазда бөтен тілді мәжбүрлеп оқытуға болмайтынын мәлімдеген соң өрши түскен. Осыдан кейін мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған Татарстанда татар тілі, Башқұртстанда башқұрт тілінде оқыту міндетті болмай қалған.

19 маусымда Мемлекеттік дума Ресей республикаларында мемлекеттік тілдерді "таңдау бойынша" оқытуды ұсынатын "Білім беру туралы" заңға өзгерістерді алғашқы оқылымда мақұлдаған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары 19.10.2018
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:39 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG