Accessibility links

Бішкектің бірінші вице-мэрі мен басқарма басшысы ұсталған


Бішкек мэрінің бірінші орынбасары Ренат Макенов.
Бішкек мэрінің бірінші орынбасары Ренат Макенов.

Бішкек мэрінің бірінші орынбасары Ренат Макенов пен қала әкімшілігінің жер ресурстары басқармасының бастығы Урмат Мурзаканов ұсталды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, екі шенеунік Бішкекте жеке тұлғаларға жер телімдерін заңсыз бөлу және беру оқиғасы, яғни қылмыстық кодекстің коррупция бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында ұсталған.

Қазір күдіктілер Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу абақтысында отыр деп хабарланды.


Шілденің 6-сы күні Ренат Макеновті Бішкек мэриясының муниципалдық меншік басқармасын басқарып тұрған кезде 12-шағын ауданында болған заңсыз жер бөлуге байланысты қозғалған іс бойынша тергеуге шақыртқан.

Ренат Макенов 2017 жылғы тамыз айында Бішкек қаласы мэрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG