Accessibility links

Роухани АҚШ санкциясына Еуропаның жауабына қанағаттанбады


Иран президенті Хассан Роухани.
Иран президенті Хассан Роухани.

Иран президенті Хассан Роухани Франция және Германия жетекшілерімен АҚШ-тың Тегеранға қарсы санкцияларының салдарына қарсы еуропалық экономикалық шаралар пакетін талқылаған. Иран ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Роухани бұл шаралар пакетін "жеткіліксіз" деп санайды.

Иранның IRNA мемлекеттік агенттігінің шілденің 5-і күні таратқан ақпаратында Роуханидың Франция президенті Эммануэль Макронмен телефонмен әңгіме барысында ұсыныстар пакетін "біздің талаптарымызға сай емес" деп атағаны айтылған.


Германия канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы әңгімеде Роухани еуропалық экономикалық шараларды "көңіл қалдыратын" деп сипаттаған деп хабарлайды Tasnim агенттігі.

"Өкінішке қарай, ұсынылған пакетте ешқандай жедел шешім және ынтымақтастықтың нақты әдісі қарастырылмаған, онда тек Еуропа Одағының бұған дейінгі мәлімдемелеріндегідей бірқатар жалпылама міндеттер ғана бар", - деген президент Роуханидің сөзін келтірген Tasnim агенттігі.

Сонымен бірге Иран жетекшісі 2015 жылы маңызды келісімге Тегеранмен бірге қол қойған және оған бейіл екендерін мәлімдеген елдердің сыртқы істер министрлері кездесуіне үміт артатынын айтқан. Франция, Германия, Ұлыбритания, Ресей және Қытай сыртқы істер министрлері шілденің 6-сы күні Венада кездеспекші. Бұл кездесу АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Тегеран мен алты держава арасында жасалған келісімнен Вашингтонның біржақты түрде шығатыны және Иранға қарсы санкциялар енгізетіні туралы жариялаған соң екі айдан кейін өткелі отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG