Accessibility links

Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялар мерзімін ұзартты


Франция президенті Эммануэль Макрон (сол жақта) және Германия канцлері Ангела Меркель. Берлин, 19 сәуір 2018 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон (сол жақта) және Германия канцлері Ангела Меркель. Берлин, 19 сәуір 2018 жыл.

Еуропа Одағы кеңесі Ресей экономикасының нақты салаларына қарсы салынған экономикалық санкцияларды 2019 жылғы қаңтардың 31-іне дейін ұзартты. Бұл туралы Еуропа Одағы мәлімдемесінде аталған шешім маусымның 28-29 күндері Еуропа кеңесінде Франция президенті Эммануэль Макрон мен Германия канцлері Ангела Меркельдің осы санкциялармен байланысты Минск келісімдерінің орындалу барысына берген бағаларынан соң қабылданғаны айтылған. Еуропа кеңесі қолданыстағы ережесіне сәйкес, шешімді бірауыздан мақұлдап, қабылдаған.

Бұл шаралар Ресей экономикасының қаржы, энергетикалық және қорғаныс салаларына, сонымен бірге қосалқы мақсаттағы тауарларға саласына қарсы бағытталған. Санкциялар 2014 жылы шілденің 31-і күні Ресейдің Украинадағы жағдайды тұрақсыздандыратын іс-әрекетіне жауап ретінде бір жыл мерзімге енгізілген болатын. Сол жылы қыркүйекте санкциялар күшейтілген.


Бұл жолғы шешіммен ұзартылып отырған экономикалық санкцияларда Ресейдің бес мемлекеттік компаниясы мен олардың Еуропа Одағы аумағынан тыс жерлерде құрылған бес мажритарлы еншілес компанияларының, сонымен бірге ресейлік үш ірі энергетикалық және үш қорғаныс саласы кәсіпорындарының Еуроодақтың бірінші және екінші деңгейдегі капитал нарығына кіруіне шектеу қою; қару-жарақ сауда-саттығына тыйым; қосалқы мақсаттағы тауарларды Ресейде әскери мақсатқа пайдалану үшін немесе әскери пайдаланушыларға экспорттауға тыйым салу; мұнай өндіру және барлауға пайдаланылатын кейбір технологиялар мен қызметтерді Ресейге беруге шектеу қою тәрізді шаралар қарастырылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG