АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда екі күнге жалғасқан келіссөздерді табысты өтті деп атаған.
"Біз талқылаған барлық аспектілер бойынша алға жылжыдық", - деген Пампео Пхеньяннан Токиоға ұшып шыққан ұшақта журналистерге.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Пхеньянда Солтүстік Кореяның ядролық қарудан арылу мәселесі туралы келіссөз өткізгені мәлім. Бірақ, Пхеньян билігі ядролық қарудан арылудың нақты кестесін белгілеу туралы келісімге келді ме, жоқ па – ол жағы әзірше беймәлім.
Бұған дейін АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілі нақты мәселелерді шешумен айналысатын жұмысшы топтарын құру жайлы уағдаластық бар деп хабарлаған. Сонымен бірге, шілденің 12-і күні Пентагон өкілдері 1950 жылдары Корей соғысы кезінде қаза тапқан америкалық әскерилердің сүйектерін Отанына қайтару мәселесін талқылау үшін солтүстіккореялық ресмилермен кездеспекші.
Бұл Помпеоның Пхеньянға екінші сапары, бұның алдында ол Солтүстік Корея астанасына мамыр айында барған.
Помпео Пхеньянға осы жолғы сапары кезінде Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездескен жоқ деп хабарланды.
ПІКІРЛЕР