Accessibility links

Ресей АҚШ-тан әкелінетін тауарларға баж салығын енгізді


Ресей экономикалық даму министрі Максим Орешкин.
Ресей экономикалық даму министрі Максим Орешкин.

Ресей АҚШ-тан әкелінетін тауарларға 25 пайыздан 40 пайызға дейін баж салығын енгізді. Мұндай шешім Вашингтонның бұған дейін ресейлік болат пен алюминийге қарсы салған баж салығына жауап ретінде қабылданған. Бұл туралы Ресей экономикалық даму министрлігіне сілтеме жасап "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, америкалық тауарларға салынатын баж салығы туралы премьер-министр Дмитрий Медведев тиісті өкімге қол қойған. Баж салығы кейбір құрылыс техникасына, мұнайгаз қондырғыларына, металл өңдейтін аспаптар мен жартасты жер жынысына арналған бұрғыларға, сондай-ақ оптикалық талшыққа салынады.


Ресей экономикалық даму министрі Максим Орешкиннің сөзінше, аталған баж алымдары АҚШ өнімдеріне балама тауар түрлерін шығаратын ресейлік кәсіпорындарға қолдау болмақ.

"Олар ішкі нарықта америкалық өнімдердің орнын басатын болады", - деген министр.

Ресей экономикалық даму министрлігі өкілдерінің сөзінше, АҚШ тарапынан ресейлік тауар өндірушілерге қойылған сауда шектеулерінен келген зиян 538 миллион долларға бағаланады. Ресейдің жауап шаралары тек 87 миллион доллардың орнын жаба алады дейді министрлік шенеуніктері.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG