Accessibility links

Франция әлем чемпионатының 1/2 финалына шықты


Уругвай мен Франция арасындағы ойын. 6 шілде 2018 жыл.
Уругвай мен Франция арасындағы ойын. 6 шілде 2018 жыл.

Футболдан Ресей өтіп жатқан әлем чемпионатында 6 шілде күні ширек финал ойындары басталды. Франция құрамасы алғашқылардың бірі болып, әлем біріншілігінің жартылай финалына шықты.

Нижний Новгород қаласында болған матчта Франция Уругвай құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Франция ширек финалда Аргентинадан (4:2), Уругвай Португалиядан (2:1) басым түскен.

Уругвай құрамасының жанкүйері. 6 шілде 2018 жыл.
Уругвай құрамасының жанкүйері. 6 шілде 2018 жыл.

Франция жарытлай финалда Бразилия-Бельгия матчының жеңімпазымен кездеседі. Бұл ойын 6 шілде Астана уақыты бойынша 23.55-те басталады. Ширек финалдың қалған екі матчты 7 шілдеде өтеді. Ресей мен Хорватия, Англия мен Швеция кездеседі.

Ресейдегі әлем чемпионатының финалы 15 шілдеде Мәскеуде өтеді.

Франция 1998 жылы әлем чемпионы атанған. Уругвай 1930 және 1950 жылы әлем чемпионатында жеңіске жеткен. 2014 жылғы әлем чемпионатын ұтқан Германия құрамасы биылғы біріншілікте топтық кезеңнен шыға алмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG