Accessibility links

Таиландта үңгірде қалған балаларды құтқаруға барған адам мерт болды


Луанг Прабанга үңгірлер кешеніндегі құтқару операциясы кезінде ауа толтырылған баллон көтеріп келе жатқан сүңгуір. Таиланд, 6 шілде 2018 жыл.
Луанг Прабанга үңгірлер кешеніндегі құтқару операциясы кезінде ауа толтырылған баллон көтеріп келе жатқан сүңгуір. Таиланд, 6 шілде 2018 жыл.

Таиландта Чианграй провинциясындағы су басып қалған үңгірден шыға алмай отырған 12 жасөспірім мен олардың футбол жаттықтырушысын құтқаруға барған бұрынғы әскери сүңгуір қаза тапқан. Ол Луанг Прабанга үңгірлер кешеніне ауа толтырылған баллондар апарып қайтып келе жатқанда есінен танып қалған.

Бұл қаза үңгірде қалған балаларды су астында қалған тар саңылаулар арқылы алып шығу операциясының қауіпсіздігіне қатысты күмән мен алаңдаушылықты күшейтіп отыр. Үңгірді зерттеуге аттанған топ қатты нөсер салдарынан ішінара су басқан кешеннен маусымның 23-іне бері шыға алмай отыр.


Құтқару операциясы негізінен сүңгуірлерге үміт артады. Олар жоғалған адамдар үңгірдің қай жерінде отырғанын анықтауға жәрдемдескен. Сонымен бірге құтқарушылар су соратын қондырғылардың көмегімен су деңгейін түсіруге тырысып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG