Accessibility links

Еуропаға жарты жылда былтырғыдан аз мигрант келген


Мигранттарды бір кемеден екіншісіне отырғызып жатыр. Жерорта теңізі, 12 маусым 2018 жыл.
Мигранттарды бір кемеден екіншісіне отырғызып жатыр. Жерорта теңізі, 12 маусым 2018 жыл.

Биылғы жылдың алғашқы алты айында Еуропаға Жерорта теңізі арқылы барған мигранттар саны өткен жылғы дәл осындай кезеңмен салыстырғанда екі есеге аз. Биыл қаңтар айынан бастап шілденің басына дейін 46 мың адам келген болса, былтыр дәл сондай кезеңде 101 мың адам Еуропаға жеткен болатын деп хабарлады шілденің 6-сы күні Халықаралық көшіқон ұйымы (IOM). 2016 жылдың алғашқы жартысында Жерорта теңізімен Еуропаға 231 мың адам барған.

Босқындардың көбі Италия (17 мыңға жуық), Испания (16 мыңға тарты) және Грекия (14 мыңға жақын) елдеріне барған.


Жыл сайын жақсы өмір іздеп Жерорта теңізі арқылы қауіпті сапарға аттанатын мыңдаған адам жағаға жете алмай опат болады. Биыл алты айдың ішінде бір жарым мыңға жуық, былтыр жылдың бірінші жартысында екі жарым мыңға тарта адам жол-жөнекей қазаға ұшыраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG