Accessibility links

Ақтөбеде прокуратура шарбағына шынжырланған адамды полиция ұстады


Ақтөбе облыстық прокуратурасы қоршауына өзін шынжырлап тастаған жергілікті тұрғын Бақытжан Құрманов. Ақтөбе, 8 шілде 2018 жыл.
Ақтөбе облыстық прокуратурасы қоршауына өзін шынжырлап тастаған жергілікті тұрғын Бақытжан Құрманов. Ақтөбе, 8 шілде 2018 жыл.

Шілденің 8-і күні Ақтөбе қаласының тұрғыны 54 жастағы Бақытжан Құрманов облыстық прокуратура шарбағына өзін шынжырлап тастады. Оқиға орнына барған Азаттық тілшісіне тұрғын жергілікті билік органдарының іс-әрекетіне наразылығын осылайша білдіруді ұйғарғанын мәлімдеді. Құрманов бүгінгі наразылық акциясына шығуына себеп болған жайттарды айтып берді.

- 2013 жылы Хромтау ауданы Қопа ауылындағы 76 гектар жерді (xалықтың пайын) жеке меншікке сатып жіберген жергілікті биліктің шешімімен келіспей сотқа бердім, бірақ бес жыл бойы әділдікке қол жеткізе алмай келемін. Биыл шілденің 6-ы, Астана күні Ақтөбедегі Тұңғыш президент саябағындағы мерекелік шараға бармақ болғанымда полицияның екі көлігі мені үйден шығармады. Кеше кешкісін саябаққа барғанымда қыр соңымда жүріп, видеоға түсірді, - дейді ол.

Наразы тұрғын прокуратура шарбағына өзін шынжырмен таңды
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:38 0:00

Бақытжан Құрманов өзіне облыс прокуроры келіп, арыз-шағымын тыңдамайынша орнынан қозғалмай отыруға бекінгенін айтты.

Прокуратура шарбағына өзін шынжырлаған Құрмановқа ғимараттан ешкім шыққан жоқ. Бас-аяғы екі сағатқа жуық уақыт өткенде наразы тұрғын отырған жерге келген полиция қызметкерлері оны көлікке салып алып кетті. Билік өкілдері ұсталған азаматқа қатысты Азаттық тілшісі қойған сұраққа жауап беруден бас тартты.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG