Accessibility links

ТЖК: Қазақстанда демалыс күндері 20 адам суға батып кетті


Суға шомылып жүрген балалар (Көрнекі сурет).
Суға шомылып жүрген балалар (Көрнекі сурет).

Қазақстанда демалыс күндері 20 адам суға батып кетті деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК).

Ведомство ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында бес адам, Қызылорда облысында үш адам, Қарағанды облысында үш адам, Ақмола облысында екі адам, Солтүстік Қазақстан облысында екі адам және Алматы облысы, Қостанай облысы, Батыс Қазақстан облысы, Астана мен Алматы қалаларының әрқайсысында бір адам суға батқан. Суға кеткендердің арасында балалар да бар.

Комитет өкілі тұрғындар көбінесе суға түсуге тыйым салынған орындарда шомылғаннан, қауіпсіздік ережелерін сақтамайтынынан суға кетенінін айтады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG