Accessibility links

Захарова Observer газетіндегі ақпаратты "сандырақ" деп атады


Мария Захарова, Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.
Мария Захарова, Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова британдық Observer газетінде жарияланған Ұлыбританияның Еуропа Одағы (ЕО) құрамынан шығуын қолдап үгіт-насихат жүргізген бизнесмен Аррон Бэнкс пен Ресейдің Ұлыбританиядағы елшісі Александр Яковенконың бірнеше рет кездескені туралы ақпаратты "сандырақ" деп атады. "Кезекті сандырақ" деп мәлімдеді Захарова 8 шілде күні "Говорит Москва" радиостанциясына кездесу туралы хабарға берген комментариінде.

8 шілдеде Observer газетінде Ұлыбританияның ЕО-дан шығу кампаниясын қаржыландырған бизнесмен Аррон Бэнкс Ресейдің Лондондағы елшісі Александр Яковенкомен кемінде 11 рет кездесті деген мәлімет жарияланған. Бэнкс мұның алдында журналистерге "екі-үш кездесу" болғанын, кейін төрт рет кездескенін хабарлаған. Бірақ журналистер бұдан өзге тағы жеті кездесу болғанын анықтаған. Бэнкс Observer газетінің ол кездесулерге қатысты сұрағына комментарий беруден бас тартқан.

Ресейлік ТАСС агенттігі "Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұған дейін Ұлыбритания ЕО-дан бір ғана Бэнкстің күш-жігері арқасында шықты деген ақпаратқа кекесінмен жауап бергенін" жазған.

Мамырдың соңында Ресей президенті Владимир Путин Ресей Ұлыбританияның ЕО-дан шығуына араласқан болуы мүмкін деген болжамды теріске шығарған. Путин Ресейдің "Brexit-ке еш қатысы жоғын", ол Ұлыбританияның өз ішіндегі процесс екенін айтқан.

Brexit-ті жақтайтындар Ұлыбританияның ЕО құрамында қалғанын қалайтындар Мәскеуді Ұлыбритания саясатына килікті деп референдум нәтижелерін жоққа шығарып, қайта дауыс беру өткізуге және елдің одақ құрамынан шығу шешімін қайта қарауға тырысады деп мәлімдейді. Ресей Brexit шешіміне ықпал еткенін бірнеше рет жоққа шығарған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG