Accessibility links

Украина мен ЕО реформа мен Ресей саясатын талқылайды


Брюссельдегі Еуропа кеңесінің штаб-пәтерінде тұрған Украина мен Еуропа Одағының тулары (Көрнекі сурет).
Брюссельдегі Еуропа кеңесінің штаб-пәтерінде тұрған Украина мен Еуропа Одағының тулары (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы (ЕО) мен Украина 9 шілде күні кезекті саммитін өткізіп, Киев жүргізіп жатқан реформаларды, Ресейдің 2014 жылы Қырым түбегін басып алуын және Мәскеудің Украина шығысындағы сепаратистерді қолдауын талқылайды.

Брюссельде өтетін саммитке Украина президенті Петр Порошенко қатысады. Еуропа мен Киев арасында қарым-қатынасты нығайтатын ЕО мен Украина арасындағы ассоциация туралы келісім күшіне енгеннен кейін Петр Порошенко қатысатын саммит бірінші рет өтейін деп тұр.

Аталған маңызды келісімге 2013 жылы қараша айында қол қойылатын болған. Бірақ сол кездегі президент Виктор Янукович Мәскеудің қысымымен құжатқа қол қоюдан бас тартқан. Бұл халықтың жаппай наразылығын тудырып, 2014 жылдың ақпанында Янукович биліктен кеткен. Ресей осыдан кейін Украинаның Қырым түбегін аннексиялап алып, кейін Украина шығысында үкімет әскеріне қарсы соғысып жатқан сепаратистерге әскери және экономикалық қолдау көрсете бастаған.

Еуропа Одағы саммитте тараптар ассоциация туралы келісімді іске асыру, еркін сауда аймағын құру және Украинада реформа жүргізудегі "ілгерілеу" жайын талқылайтынын мәлімдеді.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG