Accessibility links

Қырғызстанда әскери тікұшақ апатқа ұшырады


Ми-8 тікұшағы (Көрнекі сурет).
Ми-8 тікұшағы (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Ыстықкөл облысына қарасты Оңтүстік Энилчек мұздығына жақын аумақта әскери Ми-8МТВ тікұшағы апатқа ұшырады. Азаттықтың Қырғыз редакциясының қарулы күштер бас штабына сілтеме жасап хабарлауынша, тікұшақ 9 шілде күні альпинистерді құтқару операциясын жүргізу кезінде құлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ қатты бораннан жанына қарай құлады. Төрт адам жараланды, қаза тапқан ешкім жоқ. Бас штаб қазір альпинистер мен құтқарушылардың өздерін құтқару шаралары жүргізіліп жатқанын айтады. Тікұшақтың қандай күйде екені туралы әзірге ақпарат жоқ.

Оңтүстік Энчилек Тянь-Шань тау сілемдеріндегі ең ірі мұздық саналады және ол Қырғызстанның Қытаймен шекарасында орналасқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG