Accessibility links

Ұлыбританияның Brexit жөніндегі министрі отставкаға кетті


Дэвид Дэвис, Ұлыбританияның отставкаға кеткен Brexit мәселелері жөніндегі министрі.

Ұлыбританияның Еуропа Одағынан (ЕО) шығу мәселелері жөніндегі министрі Дэвид Дэвис премьер-министр Тереза Мэйдің "жұмсақ Brexit" стратегиясымен келіспей, отставкаға кетті деп хабарлады BBC. Дэвиспен бірге оның орынбасары Стив Бейкер де отставкаға кетті.

Дэвис отставкаға кету туралы мәлімдемесінде "саясат пен тактикадағы қазіргі тенденция Ұлыбританияның кеден одағы мен ортақ нарықтан шығу ықтималдылығын барынша азайтып бара жатқанын" жазды.

Дэвид Дэвис отставкаға кету туралы шешімді 6 шілде күні үкімет мүшелерінің кездесуінен соң қабылдаған. Бірнеше сағатқа созылған жиында Мэй министрлердің өзінің Еуропа Одағы елдерімен белгілі бір деңгейде интеграцияны сақтап қалу, оның ішінде еркін сауда аймағын құру саясатын қолдауына ие болған.


Тереза Мэй бұған дейін Ұлыбритания үкіметі таяуда Лондонның Брюссельмен келіссөздегі ұстанымы туралы ресми құжатын жариялайтынын хабарлаған. БАҚ-тың хабарлауынша, британ премьері бірнеше министрді қызметінен босататынын айтқан. BBC-дің хабарлауынша, кейбір министрлер, мысалы Мэйдің саясатын ашық сынаған сыртқы істер министрі Борис Джонсон өз еркімен отставкаға кетуі мүмкін.

Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы жөніндегі референдум 2016 жылы жазда өткен. Референдумға қатысқандардың 52 пайызы Ұлыбританияның ЕО-дан шығуын қолдаған. Brexit шарттары туралы келіссөз 2017 жылдың шілдесінен бері жүріп жатыр.

Ұлыбританияның Еуропа Одағы құрамынан шығатын уақыты – 2019 жылғы 30 наурыз деп белгіленген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 19.10.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:56 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG