Accessibility links

БАҚ: Ресей АҚШ-қа Путин мен Трамп мәлімдемесінің жобасын жіберді


Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі. Гамбург, 7 шілде 2017 жыл.

Ресей АҚШ-қа Владимир Путин мен Дональд Трамп 16 шілдеде Хельсинкиде өтетін кездесудің қорытындысы бойынша жасайтын бірлескен мәлімдемесінің жобасын жіберді. Бұл туралы АҚШ билік органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасаған "Коммерсантъ" басылымы хабарлады.

Екі парақтан тұратын құжатта екі ел бірінші басшылары, дипломаттары, әскерилері мен арнайы қызметтері арасындағы диалогты қолдаудың, экономикалық байланыстар мен гуманитарлық қатынасты дамытудың маңызды екені айтылады. АҚШ пен Ресей арасындағы ынтымақтастық аймақтағы және әлемдегі тұрақтылық факторларының бірі деп аталған.

"Коммерсантъ" басылымының Вашингтондағы дереккөздері АҚШ тарабы бұл құжатты негізге алуға дайын екенін, бірақ саммит қорытындысы бойынша Ақ үйдің "2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің киліккеніне" белгілі бір деңгейде алаңдайтыны көрініп тұруын талап ететінін айтады. Вашингтон бұған қоса Ресейдің енді сайлауға килікпейтініне "кепілдік берілгенін" талап етпек.

Ресейдегі саммитті ұйымдастыруға қатысы бар ведомство бұл ақпаратты растай алмады.

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Трамп пен Путин Сириядан Иран әскерін шығарып, орнына Дамаскіні қолдайтын әскер кіргізу туралы сөйлеспек. БАҚ мәліметінше, Мәскеу бұл мәселе бойынша ендігі Тегеранмен келіссөз жүргізіп жатыр. Бірақ Кремль бұл ақпаратты терістейді.

Бұған дейін президенттер екіжақты қарым-қатынастарды, Украинадағы жағдай мен Сириядағы қақтығысты және Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауына ықтимал килігуін талқылайтыны хабарланған.

Журналистер мәліметінше, Мәскеу мен Вашингтон кездесуде тым болмағанда бір мәселе бойынша келісім жасасқысы келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG