Accessibility links

Сот Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару жайын қарай бастады


Қытайдан "заңсыз өткен" Сайрагүл Сауытбайдың соты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:01 0:00

Қытайдан "заңсыз өткен" Сайрагүл Сауытбайдың соты басталды

Жаркенттегі Панфилов аудандық сотында Қытайдан Қазақстанға заңсыз өтіп кетті делінген Сайрагүл Сауытбайды Қытайға қайтару мәселесін қарап жатыр. Сотқа Сайрагүл Сауытбайдың өзін алып келді.

Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, сот орыс тілінде басталды. Сайрагүл Сауытбай судья Динара Құйқабаевадан сот процесін қазақ тілінде өткізуді сұрады. Прокурор Арзыгүл Имярова сотты қазақ тілінде өткізуге қарсы болған жоқ. Бұдан соң судья Сауытбайдың өтініші бойынша кеңесуге шығып кетті.

Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай өзін Қытайға қайтару мәселесі қаралатын сотта отыр. Жаркент, Алматы облысы, 9 шілде 2018 жыл.
Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай өзін Қытайға қайтару мәселесі қаралатын сотта отыр. Жаркент, Алматы облысы, 9 шілде 2018 жыл.

Мамырдың ортасында Алматы облысының тұрғыны Уәли Сіләм әйелі Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қорғас кеден бекетін заңсыз бұзып өтті деген айыппен ұстап алып кеткенін хабарлаған.

​Уәли Сіләм Қытай билігі әйелін шекараны заңсыз кесті және Қазақстан азаматтығын алмады деп айыптап отырғандықтан, оны Қытайға экстрадициялауы мүмкін деп алаңдайды.

Сотта Сайрагүл Сауытбайдың мүддесін адвокат Абзал Құспан қорғап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG