Accessibility links

Помпео "Талибанды" Кабулмен бейбіт келіссөзге шақырды


Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы. Кабул, 9 шілде 2018 жыл.
Майк Помпео, АҚШ мемлекеттік хатшысы. Кабул, 9 шілде 2018 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 9 шілдеде алдын ала хабарланбастан Кабулға барып, "Талибан" қозғалысын Ауғанстан үкіметімен бейбіт келіссөз жүргізуге шақырды. Помпео Ауғанстанға мемлекеттік хатшы болғаннан бері бірінші рет барып отыр.

Ауғанстанда қазір НАТО басшылық жасайтын миссия құрамында АҚШ-тың 14 мыңға тарта әскери қызметкері бар және НАТО басшылығымен "Ислам мемлекеті" мен "Әл-Қаида" ұйымдарына қарсы операциялар жүргізіліп жатыр.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен бірге баспасөз мәслихатын өткізген Майк Помпеоның сөзінше, терроризмге қарсы операциялар АҚШ-тың бұл мәселедегі ұстанымы берік екенін көрсетеді. "Бұл стратегия "Талибанға" біздің кетуімізді күтпей-ақ қоюы керектігін айқын аңғартады" деді Помпео. Ол сонымен қатар Вашингтонның "Талибанмен" тікелей келіссөзге қатысуға дайын екенін, бірақ бейбіт келіссөз Ауғанстан үкіметінің басшылығымен өтетінін айтты. Помпеоның сөзінше, бейбіт процеске көпшілес елдердің қолдауы да керек. "Бұл жерде АҚШ-тың рөлі маңызды болмақ, бірақ біз ол бейбіт келіссөзді жүргізе алмаймыз. Біз оны сырттан шеше алмаймыз" деді АҚШ мемлекеттік хатшысы.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG