Accessibility links

Байқоңырдан ұшырылған жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жетті


Байқоңырдан ұшырылған ресейлік "Союз" ғарыш кемесі.
Байқоңырдан ұшырылған ресейлік "Союз" ғарыш кемесі.

Ресейдің жүк таситын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына бұрын-соңды болмаған тым аз уақытта 2,8 тонна жүк - азық-түлік, жанармай мен құрал-жабдық жеткізді. "Прогресс МС-09" жүк кемесі Байқоңыр ғарыш айлағынан 9 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 3:51-де ұшырылған. Ол ХҒС-қа төрт сағатқа жуық уақытта жетті. Бұған дейінгі "Прогресс" кемелері станцияға дейін алты сағатқа жуық уақыт ұшатын.

Ғарышкері бар кемелер әдетте Халықаралық ғарыш станциясына Жерді айнала 34 орам жасап, екі тәулікте жететін.

Қазір станцияда NASA астронавтары Дрю Фьюстел, Рикки Арнольд және Серена Ауньон-Ченселлор, Еуропа ғарыш агенттігінің астронавты, германиялық Александр Герст және Ресей астронавтары Олег Артемьев пен Сергей Прокопьев бар.


ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG