Accessibility links

Ауғанстанда жарылыстан бірнеше адам қаза тапты


Жалалабад қаласында жарылыс болған орын. Ауғанстан, 10 шілде 2018 жыл.
Жалалабад қаласында жарылыс болған орын. Ауғанстан, 10 шілде 2018 жыл.

Ауғанстанның Жалалабад қаласында 10 шілде күні тексеру және өткізу бекетіне жақын маңда жарылыс болып, 10 адам қаза тапты. Нангархар уәлаяты губернаторы кеңсесінің хабарлауынша, жарылыстан қаза тапқандардың сегізі - бейбіт тұрғын, екеуі - қауіпсіздік қызметкері. Жарылыстан өрт шығып, бекет жанындағы дүкен мен көліктер өртенген.

"Құрбандардың көбі - балалар, олар жарылыс болған жерге жақын көлік жуатын аумақта ойнап жүрген" деді уәлаят кеңесінің мүшесі Сухраб Кадери.

Уәлаят губернаторының ресми өкілі Аттаулла Хогяни жарылыстан төрт адам жараланғанын хабарлады. Оның сөзінше, жарылыс жасаған жанкешті оқиға орнына жаяу келген.

Жарылысты әзірге ешкім мойнына алмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG