Accessibility links

Жапонияда су апатынан жүздеген адам қаза тапты


Жапония үкіметі 10 шілдеде елдегі су тасқынынан 156 адамның қаза тапқанын хабарлады. Жергілікті NHK телеарнасының мәлімдеуінше, Эноки өзені арнасынан тасыған. Хиросима тұрғындарына әлі де қауіп төніп тұр.

Жапониядағы "Прапирун" тайфуны шілденің 5-і басталған. Содан бері 11 мыңнан көп адам эвакуацияланды. Билік тағы екі миллионға жуық тұрғынды көшіру қажетін хабарлады.

Су тасқыны жер үйлерді бұзып, жолдар мен электр желілеріне зақым келтірді. Мыңдаған үй жарықсыз отыр. Әсіресе Хиросима, Окиама және Эхиме аймақтарындағы біраз ғимарат қираған.

Қазір жаңбыр тоқтаған соң құтқарушылар жол мен электр желілерін жөндеуді бастаған. Тұрғындар да өз күшімен бұзылған үйлерін қалпына келтіруге кірісіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG