Accessibility links

Ашғабадта заңсыз валюта саудасымен күресіп жатыр


Ашғабадтағы валюта айырбастау орындарының бірі алдында тұрған адамдар (Көрнекі сурет).
Ашғабадтағы валюта айырбастау орындарының бірі алдында тұрған адамдар (Көрнекі сурет).

Түркіменстан астанасы Ашғабадта базарларда доллар саудасы, заңсыз валюта айырбасымен күрес басталды.

"5 шілдеден бері астаналық "Чандыбиль" базарында және басқа да жерлерде тексеру жүргізіліп, тіпті адамдарға дейін тінтілген", - деп хабарлады 7 шілдеде Азаттықтың Түркімен редакциясының (Азатлык) Ашхабадтағы дереккөзі.

Осы мазмұндас мәліметтті Азатлыктың Дашоғыздағы тілшісі де хабарлады. Оның айтуынша, биліктің бағаны бақылауға талпынысы кәсіпкерлерді шығынға ұшыратқан.

5 шілдеде үкімет заңсыз доллар сатқан бірнеше адам ұсталғанын хабарлаған.

"​Чандыбиль" базарында тұрмыстық техника қожайыны сатып алушыға тауарлар долларға сатылатынын айтқан. Содан кейін бірнеше дүкен жабылып, мөрленді", - деді Ашхабадтағы дереккөз.

Оның айтуынша, "Мир" және "Русский базар" сауда нүктелерінде базар әкімшілігі саудагерлерден "Егер мен долларға тауар сатсам, мені қылмыстық жауапқа тартуына келісім берем" деген қолхат алған.

Базар әкімшілігі тауарды долларға сатқандар ұсталса, олардың дүкендерін тартып алып, тауарын тәркілейтінін ескерткен.

Бірақ түркімен заңдарында шетел валютасына саудаға жасағандардың мүлкін тартып алу туралы ереже жоқ, бастапқыда бірнеше мәрте әкімшілік жауапқа тартылатыны жазылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG