Accessibility links

Қазақстан армиясында әскери-ғылыми взвод құрылды


Әскери парадқа қатысып жатқан Қазақстан әскерилері (Көрнекі сурет).
Әскери парадқа қатысып жатқан Қазақстан әскерилері (Көрнекі сурет).

Қазақстан армиясында ер азаматтар әскери борышын бірінші рет әскери-ғылыми взвод құрамында өтей бастайды деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ведомство аталған взводта әскери борышын өтеуге алынғандар 68665 әскери бөлімінде қызмет ететінін айтады. Взводқа алынғандардың робототехника, ақпараттық технология және киберқауіпсіздік саласында біліктілігі мен жоғары білімі бар.

Әскери-ғылыми взвод Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің әскери ғылыми-зерттеу орталығы жанынан құрылған. Взвод әскери басқару органдарына арнап қолданбалы және фундаменталды зерттеулер саласында ғылыми зерттеу және сынақ жүргізу мақсатында құрылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG