АҚШ-тың Энергетикалық ақпарат мәселелері бойынша федералдық басқармасы АҚШ 2019 жылы әлемде ең көп мұнай өндіруші ел атанады деп болжам жасады.
Болжам бойынша, АҚШ-та келесі жылдың соңында мұнай өндіру көлемі күніне 12 миллион баррельге жетіп, өндіріс көлемі бойынша Ресейді басып озады. Былтыр АҚШ-та мұнай өндіру көлемі 5,6 пайызға артқан. Биыл бұл көрсеткіш тақтатастан мұнай өндіру тәсілінің қарқынды дамуына байланысты 15,4 пайызға ұлғаюы мүмкін.
Америкалық сарапшылар сонымен қатар, АҚШ-та мұнай өнімдеріне деген сұраныс аздап қана артуы мүмкін деп болжайды.
ПІКІРЛЕР