Солтүстік Қазақстан облыстық (СҚО) статистика департаментінің дерегінше, былтыр облыстан он екі мың 245 адам, ал биыл бес айда үш мың 976 адам кеткен. Биыл ТМД елдерінен өзге шет елдерге 131 адам кетіп қалған. Оның ішінде 81 адам Польшаға, 45 адам Германияға, үш адам Израильге, Финляндия мен Монғолияға екі адам кеткен. Ал биылғы жылдың бес айында облысқа екі мың 361 азамат көшіп келген.
Мамандардың айтуынша, 2017-2018 жылдары Солтүстік Қазақстан облысынан кеткендердің көбі Ресейге қоныс аударған.
- 2017 жылы облыстан кеткен он екі мың 245 адамның сегіз мың 800-і Қазақстанның басқа облыстарына, үш мың 206 адам ТМД елдеріне, 239 адам әлемнің басқа мемлекеттеріне 239 көшті. Облыстан кеткен эмигранттардың негізгі бөлігі Ресейге барған. ТМД елдеріне кеткендердің 98,8 пайызы – Ресейге қоныс аударған. 2018 жылдың бес айы ішінде ТМД елдеріне 1133 адам кетті, олардың 98,1 пайызы - Ресейге кеткендер, - дейді СҚО статистика департаменті басшысының орынбасары Жанар Қызбикенова.
2017 жылы облысқа алты мың 782 азамат қоныс аударған. Олардың бес мың 988-і Қазақстанның өзге аймақтарынан, 720-сы ТМД елдерінен және 74-і әлемнің басқа елдерінен келген.
ПІКІРЛЕР