Accessibility links

Ерімбетов ісінде судья адвокаттан "сотты саясиландырмауды" сұрады


Ескендір Ерімбетов сот залында. Алматы, 14 маусым 2018 жыл.

Алматыда бизнесмен Ескендір Ерімбетов пен тағы үш адамның үстінен өтіп жатқан сот процесінде 11 шілде күні жәбірленуші тарап өкілдерінен жауап алу жалғасты. Іс бойынша жәбірленуші ретінде алты заңды тұлға мен Жамбыл облыстық әкімдігі танылған. Олар тергеушілер Ерімбетовпен байланысы бар деген Sky Service компаниясынан зардап шекті делінеді.

Жәбірленуші КЕGОС компаниясының өкілінен жауап алу басталғанға дейін сот залында дау туындады.

Сотталушылардың адвокаттары соттан "әлі шешілмеген" мәселелерге қайта оралуды, оның ішінде қылмыстық процеске қатысуға сенімхаты жоқ жәбірленушілердің өкілдерін сотқа араластырмауды сұрады. Судья бұл өтінішті орындаудан бұған дейін бас тартқанын айтты.

Ерімбетовтің адвокаты Игорь Лифшиц соттың мұндай шешім шығарғанын естімегенін айтып, судьяға тергеушілер жіберген кемшіліктерді соттың жоюына хақысы жоғын еске салды. Лифшиц қылмыстық процеске қатысуға хақы жоқ адамның тергеуге қатысқанын, сондықтан тергеу нәтижелері заңсыз екенін айтып, мұндай жағдайда сот дереу тоқтатылуы тиіс екенін мәлімдеді.

Ескендір Ерімбетовтің адвокаттары айыптау тарабы бұған дейін өтініш жасалғанына қарамастан, айыптауға себеп болған "негізсіз көтерілген тарифтер" деген және басқа да ұғымдарға әлі күнге дейін түсінік бермегенін айтты. Осыған байланысты да сотта дау туындады. Адвокаттар судьяға айыптау тарабынан даулы терминдерге қатысты анық, ұғынықты түсініктеме беруді талап етуін сұрап, өтініш білдірді. Бірақ судья адвокаттар өтініштеріне бұған дейін бас тартқанын айтып, сот процесін ұзарта беруге болмайтынын мәлімдеді.

Адвокат Серік Айтбаев "алаяқтық" және қаржы жылыстату" туралы екі істі ажыратып, біріктіру процесі кезінде айыптау тарабы процессуалдық қателік жібергені туралы мәселе көтерді. Ол осының негізінде судьядан сот өндірісін тоқтатуды сұрады. Осы жерде айыптау тарабы мен Ерімбетовтің адвокаттары арасында дау туындады.

Қаржы жылыстату ісінде қуғындағы бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің аты аталады. Судьяның өзі де шетелде тұратын, Қазақстан билігін сынайтын Мұхтар Әблязовтің атын бірнеше рет атады. Бірақ Ерімбетовтің адвокаттарының бірі Әблязовтің атын кезекті рет айтқанында судья Тәкен Шәкіров оған "Процесті саясиландырмауыңызды сұраймын" деп ескерту жасады.


Ескендір Ерімбетов пен Михаил Зоров, Дмитрий Пестов және Василина Соколенкоға "алаяқтықпен айналысты - алдын ала келісіп, біреудің мүлкін алдау я сеніміне кіру арқылы бірнеше рет жымқырды" деген айып тағылған. Айыптау актісінде аталған азаматтардың "2010-2017 жылдары мемлекеттік сатып алулар бойынша байқау өткізген мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордағы ұйымдардан авиция саласындағы Sky Service компаниясының қызметтеріне тым жоғары ақы алу арқылы 208 миллион теңгеден астам ақша жымқырғаны" жазылған.

Ескендір Ерімбетовке тағы бір іс – БТА банкінен заңсыз әкетілген "ақшаны жылыстату" ісі бойынша айып тағылған. Шетелде тұратын әрі Қазақстан билігін сынап жүрген БТА Банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов пен оның заңгері болып жұмыс істеген Бота Жәрдемәліге (Ерімбетовтің қарындасы) де айып тағылған. Бірақ бұл іс бойынша тергеу амалдары әлі аяқталған жоқ. Ерімбетовтің туыстары америкалық адвокат Джаред Генсермен оны қорғау туралы келісім жасасқан. Маусымның 14-інде Алматыда алғашқы сот отырысына қатысқан ол АҚШ-қа қайтқан соң "Ерімбетов ісінде қандай жайттарды заң бұзу деп санайтынын және кәсіпкерді қарындасын елге қайтарып, оппозициялық саясаткерге қарсы түсінік беруге мәжбүрлеу үшін қудалап отыр" деп санайтынын жазған.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG