Accessibility links

Тәжікстанда үш жасөспірім терроризм айыбымен сотталды


Тәжікстанның Соғды облыстық соты (Көрнекі сурет).
Тәжікстанның Соғды облыстық соты (Көрнекі сурет).

Тәжікстанның Пенджикент ауданының кәмелетке толмаған үш тұрғыны "қала әкімдігінің ғимаратын жарып жібермек болды деген айыппен соттады.

Соғды облыстық соты 17 жастағы Гуфрон Хайдаровты (қылмыс жасаған уақытта 16 жаста болған) алты жарым жылға, ал оның екі серігі Миркамол Джаббор мен Муроббек Хайдаровты әрқайсысын бес жарым жылға соттады. Үшеуі де экстремистік ұйымға қатысқан, терроризмге қатысты қылмыс жасады деп айыпталды.


Сот материалдары бойынша, үш тұрғын жыл басында ұсталған. Олар әлеуметтік желі арқылы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобы мүшелерінің бірімен байланысқа шыққан. Соның басшылығымен жарылғыш зат дайындаған. Сотта үшеуі "қала әкімдігін емес, махаллада өздеріне күн бермейтін ауқатты адамдардың бірінің үйін жарғысы келгенін" айтты.

Дегенмен, сот материалдарында жастардың келіссөз жүргізген аудиотаспасы және ИМ содырымен жазысқан хаттары тіркелген. Онда жасөспірімдер "қала әкімдігі ғимаратын жаруға дайындалғаны" айтылады. Олар ИМ мүшелерімен IMO мессенжері және Zello интернет арнасы арқылы байланыс орнатқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG